Бүгін 2012 жылдың 13 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай жас мамандар арасында «Елбасымыздың Тәуелсіздікке қосқан үлесі» тақырыбына дөңгелек үстел өтті.
Осында талқыланған сұрақтар келесідей: «Елбасының өмірбаяны» «Жаңа мемлекет құруда Президенттің іс-әрекеттері», «2020 жылға дейінгі ҚР білім беруді дамытудың бағдарламасы».
Тыңдалымнан кейін жас мамандар өз пікірлерін айтып, көзқарастарын білдірді. Талқылау барысында Мемлекеттік бағдарламаны орындауда жас маманның ролі, қазіргі мектеп оқушыларында Қазақстандық патриотизмді қалай тәрбиелеуге болады және құзыретті оқушыны қалыптастыру үшін мен не істеуім керек деген сұрақтарға жауап алынды.
Қорыта айтқанда, қазіргі жас мамандардың тек білімді ғана емес, сонымен қатар құзыретті, патриотты болу керек деген ортақ шешімге келдік.
№ 24 ЖОМ-ның жас мамандары.