Телефон доверия
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Адрес: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Қош бол, сүйікті Әліппем!»
23-12-2008 18:00
«Қош бол, сүйікті Әліппем!»

Павлодар қаласы № 24 мектепте 20 желтоқсанда 1 «а» сыныбында «Қош бол, сүйікті Әліппем» атты тәрбие сағаты болып өтті. Тәрбие сағатына оқу ісінің меңгерушісі Текжанова Ажар Төкенқызы және бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Аталмыш шараға ата-аналар қауымы да атсалысты. Тәрбие сағатында 1 «а» сынып оқушылары 2 тоқсан бойы алған білімдерін ортаға салды. Әліппенің көмекшісі Ханшайым келіп, 2 тоқсанды оқушылар қалай меңгергені туралы жарыстар өткізді. Соның ішінде жұмбақ сайысы, өрнектің мәнін табу, әріптерден сөз құрау сайыстарымен жалғасты. Сайыс арасында әндер айтылып әр түрлі қызықтармен жалғасты.

Оқушылар әліппе оқулығымен қоштасып, ана тілі пәнін қошеметпен қарсы алды. Мерекелік шара соңында оқушыларға сыйлықтар таратылып, шәшу шашылып, бата берілді, құттықтау сөздер айтылды.

1 «а» сыныбының мұғалімі Ажмагиева Зинат Маулитқызы.