Мектебімізде 3-4 қаңтар күні Павлодар қ. №24 мектеп директоры Александр Владимирович Поповты еске алуға арналған дәстүрлі волейбол турнирі болып өтті. Бұл 5-ші мерейтойлық турнирде Кежекөл ЖОМ, №22 ЖОМ, №24 ЖОМ, Малайсары ЖОМ, А.В.Поповтың туысқандары мен достары және №24 ЖОМ түлектерінен құралған командалар қатысты. Турнир мақсаты- СӨС насихаттау, қала мектептерінің мұғалімдері мен шағын ауданның тұрғындарын спортпен жүйелі жаттығуға тарту. Осы жарыстың қорытындысы бойынша турнирдің ауыспалы Кубогын №22 ЖОМ құрамасы, 2 орынды Кенжекөл ЖОМ, 3 орынды А.В.Поповтың туыстары жеңіп алды. Турнир жақсы ұйымдасқан түрде өтіп, оқушылардың, педагогтардың, ата-аналар мен шағын ауданның тұрғындарының ықыласына бөленді. Командалар естелік сыйлықтар мен мақтау қағаздарына, медальдарге ие болды
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!