СӨС клубы
![СӨС клубы](/media/img/blogs/51651a239c327.jpg)
«Проктер энд Гэмбл» компаниясы мектеп оқушыларымен ақпараттық кездесулер өткізеді. Бүгін аймақтық бөлім өкілдері 9 сынып оқушыларының ұлдарымен кездесу өткізді. Қалай табысты, өз-өзіне сенімді,жан-жақты білімді,көрікті болуға болады деген сұрақтар бойынша әңгімелесті. Балаларға олимпиада чемпионы Серік Сапиевтың күн тәртібі туралы фильм көрсетілді. Кездесу соңында компания атынан оқушыларға буклеттер мен гигиеналық күтім құралдары таратылды.