Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Бір ел- бір кітап »
21-09-2013 05:54
«Бір ел- бір кітап »

Қыркүйектің 20  күні № 24 ЖОМ-де 9 «д» сынып оқушыларымен СмағұловаГ.С, ҚазыбаеваҮ.Ж. ұйымдастыруымен «Бір ел- бір кітап » акциясы аясында  Фариза Оңғарсыноваға арналған «Фариза-поэзия сандуғашы» атты әдеби кеш өтті.

Акцияның мақсаты: Қазақтың ақын қызы Фаризаның өмірі мен

шығармашылығын,кітаптарын оқушыларға

таныстыру.

Поэзияға қызығушылықтарын арттыру,мәнерлеп

оқуға дағдыландыру ,тілге ,Отанға сүйіспеншілік

сезімдерін арттыру.Жеке тұлғаның даралық

мүмкіндіктерін ашу,әдептілікке тәрбиелеу, кітап

оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Көрнекілігі: Кітап бурышы,нақыл

сөздер,буклеттер,газет-журналдар,слайдтар

Кеш  үш кезеңнен тұрды.

1-ші кезең:Жазушы өмірбаяны мен шығармашылығы туралы.

2-ші кезең:  «Тартады бозбаланы магнитім» «Қазақтың бір қызы бар Кәмшат деген», «Ақбобек» поэмаларына шолу.

3- ші кезең: Ой толғанысы. «Жетімхана»атты өлеңін  оқып,талдау.

Еркін жазу.

Оқушылар  слайд дайындап,жазушының шығармашылық өмірбаяны туралы мәлімет берді.Бір –біріне сұрақ қоя отырып,ойларын ортаға салып, талқылады.Ф.Оңғарсынованың  «Жетімхана» атты өлеңі оқылып,талқыланды.Кештің соңында әр оқушы өз ойын бір парақ қағазға жазып,ойларымен бөлісті.Кеш ойдағыдай өтті.