«СКИФ» бокс клубы - біздің ұлдардың қалаулы орны. Мектептің жас боксшылары қазан айында бірнеше белді жарыстарға қатысты. 16-20 қазанда Тараз қаласында өткізілген Ауған соғысының жауынгері Н.Абишевтің құрметіне арналған халықаралық турнирде жүлделі орындарға ие болды. Алипов Дамир -2 орын, Харченко Руслан – 2 орын, Каирбеков Дидар -3 орын,Абенов Алан -3 орын. Осы сайыс болар алдында 5-6 қазан күндері ТМД чемпионы Ерсаин Касанбаевтың жүлдесінің ашық турниріне қатысты. Жеңімпаздардың жеңістері туралы "Ертіс" газеті жариялары. Біздің жас спортшылар сонымен қатар 23-26 қазан күндері өткізілген облыстық чемпионатының жүлдегерлері атанды:Каирбеков Дамир -2 орын, Зияшев Алибек -2 орын. Екібастұз қаласында өткен Ресей чемпионы А.Поветкинмен кездесулері туралы қызығушылықпен айтады. Жалпы, қазан айы жас споршылар үшін табысты болды. Жарайсыңдар!
«СКИФ» бокс клубы