Кәсіптік бағыт-бағдар беру бойынша кездесу
Демалыс күндері оқушылар мектепке кешеулетіп келеді. Әркім өз қызығушылықтары бойынша іспен айналысады. Осылайша, бастауыш сынып оқушылары үйірме жұмыстарына қатысты, жас спортшылар баскетбол бойынша турнирінің тұсаукесерін жасады, мектеп түлектері ҰБТ-ға дайындалса, тоғызыншы сынып оқушылары кәсіптік бағыт-бағдар беру бойынша кездесулер өткізді. Бүгінгі күнде оқушылардың көршілігі "Кім боламын?" деп ойлануда. Кездесуге мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.А. Фелькер келді., Колледждерде дайындайтын мамандықтар жайлы ақпарат беріп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Содан соң оқушыларға бейнероликтер көрсетіліп, ата- аналарымен мамандық таңдау мәселесін талқылау үшін буклеттер таратылды.