Мектептегі Тәуелсіздік күні
Мектепте мерекеге арналған онкүндік өтті. Онкүндік «Тәуелсіздік таңы» тақырыбына саяси сағаттан басталды, шараның эпиграфы "Қазақстан- бір ел, бір халық, ортақ келешек" Н.Ә.Назарбаевтың сөзі болды. 22 жыл Тәуелсіз мемлекеттің даму қорытындысы және келешекке жоспар- шаралардың негізгі арқауы болды. Оқушылар "Қазақстан-2050" стратегиясы-әрекетте"" атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға, әдеби-музыкалық композицияларда, концерттерге қатысты. Мектеп педагогикалық ұжымы мен мектеп қызметкерлеріне концерт ұйымдастырылды. Мереке күні мектеп ұжымы Орталық алаңдағы шараларға белсенді қатысты.