Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу
08-02-2014 06:39
Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу
Мектепте 7 ақпан күні Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті. Бұл шара Ауғаннан кеңес әскерінің шығарылуының  25 жылдығына орай ұйымдастырылған. Оқушылармен кездесуге интернационалист әскерлер  Дедаханов Р., Кулумбеков Ж.Ш., Исенов М.К. келді. Кездесу дөңгелек үстел формасында өтті. 
Оқушылар ардагерлер кеуделеріне таққан медаль, ордендерді не үшін алғандары туралы сұрап, қызығушылық танытты. Жігіттер кеңес әскелерінің қарулары және қарсыластарында қандай қару болды деген сұрақтар қойды. Барлық сұрақтарға толық жауап берілді. Ардагерлер алдында қыздар вокалы ән шырқап,  кеңес әскерлерінің  Ауғаннан шығуы жайлы бейнеролик көрсетілді. Кездесу соңында ардагерлерге сыйлықтар тапсырылып, естелікке фотосуретке түсті.