Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Адрес: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Тіл – достықтың құралы» атты ІҮ қалалық конкурсы
14-01-2009 18:00
«Тіл – достықтың құралы» атты  ІҮ қалалық  конкурсы

2009 жылдың 13 қаңтарында № 24 мектепте Тілдерді қолдану мен дамытуға арналған облыстық бағдарламасын жүзеге асыру, қызметкерлердің қазақ тілін үйренуге қызығушылығын дамыту, олардың қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау және қазақ тілін оқыту үйірмелерінің тиімділігін зерделеу мақсатында Павлодар қаласы мектептерінің мұғалімдері мен мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілері арасындағы «Тіл – достықтың құралы» атты ІҮ қалалық конкурсы болып өтті. Конкурсқа 9 сайыскер қатысып, сайыстың шарты бойынша 5 кезеңнен өтті: Таныстыру, Мақал-мәтелдерді жатқа айту, жедел-аударма, сөйлем құру және шығармашылық конкурс. Тәуелсіз құзырлы әділ қазылар қорытындысы бойынша І орын №24 мектептің психологі, музыка пәні мұғалімі Лемешинская Марина Геннадьевнаға берілді.

Дайындаған қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімдері: Г.С.Смағұлова, Ү.Ж.Қазыбаева