"Ең бірегей" сайысы
16 маусым. Лагерьдегі таңертең әдеттегідей музыкалық жаттығуы мен денсаулық сәтінен басталды. Содан соң денсаулыққа пайдалы ботқамен тамақтанды. Содан кейін Бұқар Жырау мұражайына сапар шекті. Мұражайдан кейін, жағажайда серуендеді. Түстен кейін "Ең бірегей" сайысы өтті. Барлық отрядтор белсенділікпен қатысты. "Эстремалдар" 1 орын, "Денсаулық" 2 орын, "Кеды" 3 орын. Әділқазылардың шешімі бойынша ең бірегей Сулейменова Камиля мен Козаренко Ангелина болып табылды.