Таяуда республикалық «Бөбек» балалар қорының Президенті Сара Алпысқызының Назарбаеваның туған күніне орай Павлодар қаласындағы № 24 жалпы орта білім беру мектебінде 1-4 сыныптар арасында «Бақытты балалық шақ» атты концерттік бағдарлама болып өтті. Концерттік бағдарламаға ұстаздар қауымымен оқушылар қатысты.
«Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызының «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасы № 24 орта білім беру мектебінде эксперименттік пән ретінде жүргізіліп келеді. Бұл пәннің негізгі мақсаты – баланы мәдениеттілікке, сыпайылыққа, әдептілікке баулу.
Концерттік бағдарламаны мектептегі бастауыш сыныптарға өзін-өзі тану пәнінен беретін мұғалім Кәрібаева Шәку Әйнешқызы ашты. Аталмыш шарада оқушылар өздерінің өнерлерін ортаға салды. Айта кетсек, Нұрбек Ж 3 «Ә», Мұсабекова. С. 3 «А» өздері шығарған тақпақтарын айтса, ал Орекенова. А. «Бақытты балалық шақ», Исатаева. Д. «Бала тілегі», Ахметов. Р. «Атамекен» әндерін орындады. Мерекелік шара оқушылардың көңілінен шықты.
З.Ажмагиева
Ш.Карибаева
бастауыш сынып мұғалімдері