Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Наурыз мерекесі құтты болсын!
20-03-2009 18:00
Наурыз мерекесі  құтты болсын!

Наурыз – қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Бұл - күн мен түн теңелетін көктем мен еңбек мерекесі Халқымыз Наурызды «Жыл басы» «Ұлыстың ұлы күні» деп те атайды.

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол балсын.

Ұлыс береке берсін,

Пәле-жала жерге енсін.

Наурыз мерекесі құтты болсын!

Осы мерекеге орай мектебімізде «Наурыз аруы» атты сайыс өтті. Қазақ мектебінен осы сайысқа биология пәні мұғалімі Ахметжанова Зибагүл Жаңбырбайқызы қатысып «2009 – Наурыз аруы» атты номинациясына ие болды. Сайыстың берілген талаптарын Забагүл өзінің өнерімен, тапқырлығымен, шеберлігімен көрсете білді. «Өзін таныстыру», «Сөз тапқанға қолқа жоқ», т.б. сайыстың ережелеріне нақты, дәл жауап бере біліп, көрермен назарына ілікті. Ендігі уақытта қазақ сыныптары ұжымы атынан, Зибагүл Жаңбырбайқызына өнерде де, өмірде биік шыңдардан көріне беруіне тілектестік білдіреміз.