Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Тілдер мерекесі апталығы
27-09-2009 18:00

Біздің мектепте «Тіл туралы» заңның қабылданғанына және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының 20 жылдық мерей тойына арналған жоспарлар іс-шарасы Тілдер мерекесі апталығы (21.09.09-26.09.09) директор орынбасары А.Т. Текжанованың басшылығымен тілдер күніне арналған апталық ұйымдастырылды.

Мерекенің мақсаты: ана тілінің маңызы мен қоғамдағы орнын, жас ұрпақтың ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуін, балаларды туған тілін сүюге, оны қорғауға және қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдерінің Қазақстан халқына деген сыйластығын, ұлттық қарым-қатынасын нығайту.

Біздің мектепте бүгінгі күні 19 астам ұлт өкілдері білім алуда. «Халықтың қуаты бірлікте»демекші мектебіміздегі әр ұлт өкілдері үлкен отбасының мүшелеріндей болып кетті. Олар әрқайсы ұлттық орталықтарына кіріп қана қоймай, туған мектебі мен сол орталық арасында дәнекер де болып жүр. Тілдер мерекесіне арнап мектебімізде апта бойы әр түрлі қызықты іс-шаралар өткізілді. Олар:11 сыныптар сабақ алдында мерекені бастап оқушыларды, мұғалімдерді құттықтады,

1-4 сыныптар–«Жұмбақтар сайысын»,

5-ші сыныптар – «Екі тілді қатар үйренейік»біліктілік сайысын

6-шы – «Мемлекеттік тіл» әдеби оқуын

7-шы- «Тіл ұлттың жаны»көркем әдеби оқуын

8 сынып- «Жасай бер, ана тілім-қазақ тілі!»әдеби*музыкалық кешін

9 сынып- «Сен білесің бе?» әдеби монтажын

10 сынып- «Тіл-достық пен келісімнің тірегі»-сайысынұсынды

Осы іс-шаралар салтанатты түрде Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранымен басталып, жалғасын тапты. Мереке қызықты болуына ат салысқан қазақ тілі мен әдебиет пәнінің ұстаздары: Дулатова К.Ш., Каримова М.К., Шәкенова М.М., Шакиримова Н.Қ., Қазыбаева Ү.Ж., Жулдасова А.К., Ережепова А.Х., Жумашева Н.А., Сұлейменова Ғ.А., Айтуар Л.М.,Аубакирова Г.З., Смағұлова Г.С.

Сонымен, тілдер күні барша елге ортақ жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген зор құрмет. Сол халықтармен достықта, бірлікте, өмір сүрейік! Әрқашан аспанымыз ашық болсын!

25 қыркүйекте «Бір ел-бір кітап» акциясы бойынша «Қазақтың ақиық ақыны Мағжан Жұмабаевтың лирикалық шығармалары» тақырыбы негізінде «Біріңғай Мағжан к үні» акция мақсаты: оқырман мәдениетін қолдау мен дамыту, тарихи-мәдени және руханимұраны сақтау, ана тіліне құрметпен қарау.

Міндеттері:

- ұлттық әдебиетке деген оқырмандар қызығушылығын қолдау мен дамыту;

- кітап оқу проблемаларына ғалымдардың, мамандардың, мемлекеттік және қоғам

қайраткерлерінің назарын аударту;

- потенциалды оқырмандарды тарту;

- баспахана ұйымдарын қазақстандық авторлар кітаптарын шығаруға

қызығушылықтарын арттыру;

Осы акцияға орай мектепте төмендегідей іс-шаралар өткізілді:

5-6 сыныптар- «Мағжан шығармаларына арналған сурет көрмесі»

7-8 сыныптар-« Мағжан оқулары»

9 сыныптар- «Мағжан поэзиясы»

10 сыныптар- «Көркем сөз шебері-әдеби монтаж»

11 сыныптар «Мен Мағжанмен мақтанамын» оқушылар бір уақытта бір кітапты оқып шығып, талқылады, кітапқа арналған әдеби кеш ұйымдастырды

Осы әдеби кештерде оқушылар құр ана тілдерін ғана емес мемлекеттік тілдің қоғамдық ортада іскерлік қарым-қатынасын қазіргі кезде қолданылу мүмкіндігі туралы өз пікірлерін мен көзқарастарын ортаға салды.