Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25-жылдығына
![Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25-жылдығына](/media/img/blogs/blogs_1897516988.jpg)
«№24 ЖОББМ» ММ-де оқушылардың бойынша патриоттық сезімді тәрбиелеу мақсатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған сынып сағаттары өтті.
Ісшараның мақсаты: 1) патриотизмге тәрбиелеу; 2) балаларға «Тәуелсіздік», ҚР рәміздері туралы ұғымды қалыптастыру; 3) оқушылардың көпұлтты Қазақстан туралы, достық, ынтымақ және бейбіт өмір туралы білімдерін толықтыру; 4) оқушылар арасында достық қарым-қатынасты дамыту. 5) патриотизм болашақ азамат тұлғасының басты құндылығы деп қалыптастыру. 2016 жылғы 7 желтоқсан күні 7 «В», 8 «В», 8 «Г», 8 «Д» сыныптарында оқушылардың елдің тарихына деген қызығушылықтарын ояту, патриоттық сезімдерін дамыту мақсатында «Тәуелсіздік алу жолында» тақырыпта сынып сағаты өткізілді. Онда Қазақстан Республикасының даму және қалыптасу жолы туралы оқушыларға мәлімет берілді. Оқушылар өз өнерлерін көрсетті (өлең айтты, домбыра шертті, Отан туралы өлеңдер оқыды).![img-20161207-wa0011](/media/img/blogs/1893386026.jpg)
![img-20161128-wa0006](/media/img/blogs/1996797699.jpg)