Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
 «ЖАС ҰЛАН» және «ЖАС ҚЫРАН» қатарына салтанатты қабылдау
07-12-2016 01:26
 «ЖАС ҰЛАН» және «ЖАС ҚЫРАН» қатарына салтанатты қабылдау
Бүгін «№24 ЖОББМ» ММ ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында, ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеу аясында Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша ашылған «Жас Ұлан», «Жас Қыран» Республикалық қоғамдық бірлестіктерінің қатарына оқушылардың салтанатты қабылдауы болды. Ұйымның басты мақсаты - Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру; балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігімен саналылығын арттыру; танымдық жұмыстарды ынталандыру; балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау; жауапкершілік мен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту. Сондай-ақ өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру болып табылады. Қатарға 4-ші сынып оқушылары қабылданды. Салтанатты ісшараға Павлодар облысының жергілікті әскер ардагерлерінің және тәжік-ауған шекарасындағы қарулы қақтығыстарының қатысушылары одағының төрағасы Козак Геннадий Семенович және Бейсенов Азамат Анатольевич шақырылды. «Жас Ұланшыларға» және «Жас Қыраншыларға» Отанымыздың мақтанышы, өзінің құрбы-құрдастары мен өсіп келе жатқан ұрпаққа әрқашанда үлгі болуға тілектеспіз! %d1%80%d0%b8%d1%81%d1%83%d0%bd%d0%be%d0%ba2 %d1%80%d0%b8%d1%81%d1%83%d0%bd%d0%be%d0%ba1