Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Қазақстан болашағы біздің қолымызда» бесінші жастар патриоттық форумын өткізу туралы ақпарат
30-11-2016 02:52
«Қазақстан болашағы біздің қолымызда» бесінші жастар патриоттық форумын өткізу туралы ақпарат
2016 жылғы 29 қарашада «№24 ЖОМ» ММ Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев күніне орай «Қазақстан болашағы біздің қолымызда» бесінші жастар патриоттық форумы өткізілді. Форум рухани-адамгершілік құндылықтар және ұлттық әдет-ғұрыптар негізінде патриотизм бен шыдамдылықты дамыту, сондай-ақ Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығында Қазақстанның жетістіктерін насихаттау мақсатында өтті. Салтанатты шараның ашылу рәсімі мектеп директоры Нұргүл Шампатқызы Рахимгожинаға берілді.Форумға депутат, Павлодар облысы Жастар конгресінің басшысы Корепанов Дмитрий Викторович, Павлодар облысы ЖБДО бөлімінің басшысы Шуренов Дархан Берікұлы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің бас маманы Абишева Зарина Кенжебаевна, армян этно-мәдени бірлестіктің төрайымы Петросян Эльмира Бениковна, мектептегі ата-аналар комитеті төрағасының орынбасары Москалец Николай Васильевич,мектептегі ата-аналар комитеті төрағасының орынбасары Федоров Илья Юрьевич қатысты. Форумның қатысушылары қала жастарын Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев құрған тәуелсіз елдің дамуына, өсіп-өркендеуіне өз білімдерін бағыттауға шақырды. Оқушылар, үздік спортшылар, қалалық сайыстардың, ғылыми жобалардың, шығармашылық сайыстардың жеңімпаздары қошемет шеңберін жасап тұрды. Форум кезінде өлеңдер, сөздер, ұрандар айтылды. «Бізді алға бастаған, Елбасымыз – Нұрсултан!» — Форумның қатысушылары ұрандады. Бірінші Президент күніне орай салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Мектеп оқушылары өз жетістіктері үшін марапатталды. Қазіргі жастардың қолында ерекше тарихи жауапкершілік тұр, ол – Қазақстан РеспубликасыныңТәуелсіздігін сақтау және нығайту. Сондықтан білім беру мекемелері мен үкіметтік емес ұйымдардың өз жұмыстарын қоғамның бойында осы құндылықты қалыптастыру үшін бағыттауы тиіс. %d1%80%d0%b8%d1%81%d1%83%d0%bd%d0%be%d0%ba3 %d1%80%d0%b8%d1%81%d1%83%d0%bd%d0%be%d0%ba2 %d1%80%d0%b8%d1%81%d1%83%d0%bd%d0%be%d0%ba4