Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
17-11-2016 05:25
ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай «Ақ бота» XV облыстық балалар бейнелеу шығармашылығының сайысы өтті. Жас суретшілерге «Біз бақытты отбасыда тұрамыз» тақырыбы берілді. Осы сайысқа қатысу үшін мектепте ең үздік суреттердің таңдауы ұйымдастырылды. Балалар өз жұмыстарында Отанға деген сүйіспеншілікті, оның жетістіктерін, халықтардың әдет-ғұрыптарын, бір шаңырақ астында тұратын халықтардың достығын көрсете білді. 2016 жылғы 11 қарашада №1 көркем мектебінде салтанатты түрде сайыстың қорытындылары шығарылды, жеңімпаздар марапатталып, үздік жұмыстар белгіленді. Павлодар қаласы білім беру бөлімі бастығының орынбасары Корлан Маратовна Куспекова сайыстың қатысушыларын құттықтап, ынтымақ елде тұратынын белгілеп өтті. Балалардың балалық шағы бақытты, олардың білім алуға, шығармашылық жағынан, дене тәрбиесі жағынан дамуға мүмкіндіктері бар. Біздің мектептің оқушылары да дипломдар мен жүлделі орындар үшін сыйлықтармен марапатталды. Осипов Василий, 8 сынып оқушысы, «Тату отбасылық мереке» графика техникасындағы жұмысы үшін 1 орын иеленді. Чингинин Дияр, 3 сынып оқушысы, «Көңілді үзіліс» кескіндеме техникасындағы жұмысы үшін 3 орынға ие болды. Бейнелеу өнері мұғалімі Фания Чулпановна Меньщиковаға жеңімпаздарды тәрбиелегені үшін алғыс хатпен марапатталды. Педагогты және балаларды шығармашылық табыс және жеңістері үшін құттықтаймыз. Білім беру басқармасына, білім беру бөліміне балалардың бейнелеу шығармашылығының сайысын ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреміз. p1230825 p1230813 p1230822