Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«ҚАЗІРГІ ЗАМАН ҚАҺАРМАНДАРЫ»
11-11-2016 07:27
«ҚАЗІРГІ ЗАМАН ҚАҺАРМАНДАРЫ»
Жастарды патриоттық тәрбиелеу – елдің мемлекеттік жастар саясатының бір бөлімі. Биылғы жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай, патриоттық тақырыптағы көптеген ісшаралар, акциялар өткізілуде. «Қазіргі заман қаһармандары» республикалық акциясы соған дәлел. Осындай патриоттық шара «№24 ЖОМ» ММ де өтті. Осы кездесудің басты міндеті: — оқушылардың өз Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, азаматтыққа және патриотизмге тәрбиелеу; — өз Отанын – Қазақстан Республикасын сүю; — Отан мүддесін қорғау бойынша азаматтық парыз бен конституциялық міндеттерді орындауға дайын болуды тәрбиелеу. Шара қаһармандарды қарсы алумен басталды. Қарағанды қаласының полиция майоры Даурен Касымжанович Алтайевпен кездестік, ол 1 наурыз күні 4 кәмелетке толмаған балаларды өрт ажалынан құтқарып қалды, өз күшімен өрт сөндірушілер келгенше, өртті сөндіре бастады. Көкшетау қаласы полицияның аға лейтенанты Нұржауар Айбеуұлы Косымбаймен кездестік. Ол 9 тамызда өз демалысы кезінде өзен жағалауында демалып жатқанда, баланы суға кетуден құтқарып қалды, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Сондай-ақ, Екібастұз қаласының полиция капитаны Аман Муратбекұлы Аубакировпен де кездестік. Ол 17 қаңтар күні қызды өз-өзіне қол салудан құтқарып қалды. Қарағанды облысының ІІД өкілі жылы кездесу үшін өз алғысын білдірді. Аталмыш патриоттық акцияға мектептің жас педагогтары да қатысты. Қазақстанның қазіргі қаһармандарына мектептің ардагерлер ұйымының өкілі В.В. Слывоцкая, мектептің педагогтары өз алғыстарын білдірді. «Қазақстанның болашақ патриоттарын тәрбиелеу үшін біздің мектепте жыл сайын «Қазақстанның болашағы біздің қолымызда» атты патриоттық жастар форумы, жеңіл атлетика жүгірісі ұйымдастырылады. Елдің болашағы жастардың өмірі мен қызметімен тығыз байланысты. Жастар – бұл мемлекет дамуындағы саяси, экономикалық және мәдени потенциал. Жаңа қазақстандық патриотизм ертеңгі күнге деген нық сенімділікпен тығыз байланысты. %d1%80%d0%b8%d1%81%d1%83%d0%bd%d0%be%d0%ba11-11-20162 %d1%80%d0%b8%d1%81%d1%83%d0%bd%d0%be%d0%ba11-11-2016%d1%80%d0%b8%d1%81%d1%83%d0%bd%d0%be%d0%ba11-11-2016dscn5711