Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Бастауыш сынып мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті
29-03-2016 02:06
Бастауыш сынып мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті
29.03.2016 жылы ЖОМ №24 бастауыш сынып мұғалімдер арасында «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбына байланысты өз тәжірибелерімен бөлісу жұмыстары өткізілді. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі - оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХI ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. Сондықтан да қазір жаңа технологияларды меңгеру үшін ең басты қажетті құрал – білім. Заман ағымына қарай білімнің нәрі одан да шарықтауда. Осыған орай мұғалімдердің білімдерін жетілдіру барысында қалалық, облыстық семинарларында түрлі әдіс-тәсілдерді уйретеді. 24 наурыз-25 наурыз аралығында «Өрлеу» Педагогтар білімдерін жетілдіру институтында осы бағдарлама бойынша көптеген түсініктер алдым. Жалпы сауаттылық ауқымды және өзекті мәселе екенін ойдан шығармау. Оқушыларға мәтінмен жұмысты жай ғана оқытып қоймай, сонымен қатар кез келген өмірлік жағдайлар-ол адамның сауаттылығы екенін,дәлелдеуге,тиянақтылыққа,қиялдауға,өзін-өзі нақты бағалауға және эксперимент жасауға баулу. Бастауыш сынып мұғалімдері өз ара пікір алмасып, ойларымен бөлісті. Қорыта келе, « Сабақ беру-үйреншікті жай шеберлік емес,ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер»- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқан екен. Егерде барлығымыз үнемі ізденіс үстінде болсақ «Нұр үстіне нұр болары» сөзсіз. Бастауыш сынып мұғалімі: Туманбаева Н.Г.