Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Жүрегіме жылу құйған, анашым»атты VI дәстүрлі аналар конференциясы өтті
07-03-2016 06:38
Біздің мектебімізде 2 наурыз күні аналар мерекесі қарсаңында «Жүрегіме жылу құйған, анашым»атты VI дәстүрлі аналар конференциясы өтті. Бұл конференцияның мақсаты ананың отбасындағы ролін, анадан қымбат жан жоқ екендігін тағы бір мәрте көрсетіп, көктем айларында шуағын күндей төккен аналарға мерекелік көңіл күй сыйлау болды.Біздің конференцияға Павлодар қаласының қалалық білім беру бөлімінің әдіскері Қайыргазина Шолпан Шахановна және біздің мектебіміздің педагог ардагерлері Мусина А.Қ., Есмакаева М.Е.,Ажмагиева З.М. қатынасты.Аналар конфренциясына қатысқан аналардың саны өте көп болып, зал лық толды. Бұл тағы да бір рет аналардың ұрпақ тәрбиесіне бей-жай қарамайтындығының куәсі.Әр сыныптан белсенді, бала тәрбиесіне қатты көңіл бөлетін аналарды арнайы мадақтамамен құттықтадық. Олар 1 «а» сыныбының оқушысы Смағұл Алдиярдың анасы Кусаинова Дария Оразовна, 1 «ә» сыныбынан Дәулетберді қызы Данараның анасы Ақжигит Аймөлдір, 1 «б» сыныбынан Серкенова Сабинаның анасы Серкенова Айгүл Советқызы, 2 «а» сыныбынан Якубова Измираның анасы Шайхина Дана Берикован және Алтынсарина Аружанның анасы Рахметова Асель Мурзагельдинова, 2 « ә» сыныбынан Баймұратова Анельдің анасы Оспанова Самал Құрманғазы қызы, 2 «в» сыныбынан Рамазан Аружанның анасы Култанова Жадыра Төлегенова, 3 «а» Кожанова Айкүннің анасы Махаббат Дюсенбаевна, 3 «ә» Райыс Асылназдың анасы Кайланова Мейрамгүл, 3 «б» Қасым Кәрімнің анасы Жанар Тоқпанқызы, 4 «а» Кусаинов Алимжанның анасы Динара Нұржамановна, 4 «б» Мунираның анасы Мадина Кенжебаевна , 5 «б» Жанабаева Асияның анасы Жұлдыз Ақыловна, 10 «а» Сабинаның анасы Анна Уахановна, 8 «ә» Таналина Аружанның анасы Сандуғаш Ғарифулловна. «Жүрегіме жылу құйған, анашым»атты VI дәстүрлі аналар конференциясының бас жүлдесін алған Ана-2016 номинациясымен Айдарбекова Аянаттың анасы Алтынай Амангельдиновна марапатталды. Алдағы келе жатқан 8 наурыз халық аралық күнімен барлық аналарды құттықтаймыз. Ана деген-бұл өмірдің тірегі, Аналардың мөп –мөлдір ғой тілегі, Құлыным деп шырылдаған, ешбір тыным таппаған, Ауырмасын , ауырмасын аналардың жүрегі.