Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Қазақ хандығына 550 жыл!
24-10-2015 01:43
Қазақ хандығына 550 жыл!
Биылғы оқу жылындағы Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеуге арналған мектепішілік іс-шаралар жоспарына сәйкес 23 қазан күні №24 ЖОМ мәжіліс залында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Ұлы Дала тарихы - халқымыздың мәңгілік бойтұмары» атты мектепішілік ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті.Конференцияны өткізудегі мақсатымыз Отанымыздың төл тарихын насихаттау,жастарды отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу болды. Конференцияға ата-аналар, ұстаздар, оқушылар қатысты. Сол сияқты филология ғылымының кандидаты,С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі,ҚР педагогикалық ғылымдар академиясының академигі Зейнулла Айман Файзоллақызы және ата-ана Досымханова Хорлан Нуртаевна арнайы шақырылды. Конференцияны мектеп директоры Н.Ш.Рахимғожина ашып, қатысушыларды тарихи маңызы зор айтулы мерекемен құқттықтады. Конференция барысында «Билік,төрелік ету саясатындағы шешендік өнер» - Зейнулла Айман Файзоллақызы,«Ұлы Дала төсіндегі мәгілік ел» -Шариғат Ержан-тарих пәнінің мұғалімі, «От уроков истории к укреплению государственности»-Петросян Эльмира Бэниковна- Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі, «Айреник» армян этнобірлестігінің төрағасы, тарих пәні мұғалімі баяндама жасады. «Укрепление казахского ханства» Андреева Яна- 10в сынып оқушысы,«Жоңғар шапқыншылығына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық күресі»-Темірболат Бақтияр-11а сынып оқушысы,«Абылайхан- ХVІІІғ ұлт-азаттық күресті ұйымдастырушы»- Рамазан Айнаш-11а сынып оқушысы,«Историческая роль казахских ханов в политической истории ХV-ХVІІІ вв.»- Атимтай Айгуль- 10 в сынып оқушысы жарыссөзге шықты. 11а сынып оқушысы Рамазан Айнаш өз баяндамасын ағылшын тілінде оқып, көрермендердің зор ілтипатына бөленді. Зейнулла Айман Файзоллақызы өз қолтаңбасын жазып, игі тілекпен мектеп кітапханасына екі кітапты сыйға тартты. Конференция мазмұны жағынан терең,жоғары деңгейде өтті.Мектеп директоры әкімшілік атынан келген қонақтарға шығармашылығымен бөлісіп,жастарға белсенді азаматтық ұстаным үлгісін көрсеткені алғысын білдірді. Соңында мектеп оқушыларының қатысуымен өткен концерттік бағдарламада патриоттық әндер шырқалды.Мектебімізде рухани құндылығмызды арттыратын мұндай іс-шаралар әлі де жалғаса бермек. IMG_6274 IMG_6294IMG_6308IMG_6342IMG_6339IMG_6336IMG_6345IMG_6361IMG_6312IMG_6303