Қазан айының 10-ы күні 1 «а» сыныбында «Күз-керемет» атты іс-шара өтті.Оқушылар күз туралы білімдерін ортаға салып,жұмбақ шешіп сайысқа түсті.1 -сынып оқушылары жарыса күз кереметін айтуға тырысты. Сурет салып, топпен постер де жасады. Жеңімпаздарға «Алғыс хат» табысталды. Ең қызықтысы уйге әр –түрлі жеміс –жидектерден,табиғат заттарынан жасалған заттар болды.Біреуі кәдіден туфли жасаса,біреуі сәбізден түлкі, бірі тіпті ертегі кейіпкерін де сомдапты, құтты бір ертегі әлеміне кіргендейсің.Қуаныштарында шек болмады.Осылай «Күз –керемет» екенін дәлелдегілері келді. Сынып жетекшісі:Садыкова Б.А.