Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Туған тілім – тірегім! Соғып тұрған жүрегім!»
23-09-2015 13:55
22-қыркүйек күні 3 «Ә» сынып оқушылары арасында «Туған тілім – тірегім! Соғып тұрған жүрегім!» атты Тілдер күні мерекесіне орай сайыс өтілді. Бұл сайыстың мақсаты - оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу. Сайысқа бүкіл сынып қызығушылықпен қатысты. Олар 3 топқа бөлініп, әр топ өздеріне ат қойып, тілдерге байланысты ұрандар алып, топтарымен таныстырып өтті. ««Ана тілім» деген сөзді естігенде көз алдарына не елестейді? Ана тілім болашақта қандай болады? » сұрақтарының төңірегіндегі ойлары тіптен керемет болды. Соңында әділ-қазылар шешімі бойынша 3-орынды «Жұлдыз» тобы, 2-орынды «Ертіс» тобы, 1- орынды «Сұңқар» тобы иеленді. Топтар мадақтамалармен марапатталды.