Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Funny English»
21-09-2015 03:44
«Funny English»
19 қыркүйек күні тілдер апталығына байланысты 5 «А» сыныбында ағылшын тілі пәнінен «Funny English» (Көңілді ағылшын) атты іс-шарасы өтті. Викторина сайысын өткізген ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мукатова Динара Ислямбековна. Сабақтың қонағы және қазылар алқасы гуманитарлық циклының меңгерушісі Бұхарбекова Үміт Сапаровна болды. Викторина сайысы 5 кезеңнен тұрды. Балалар үш топқа бөлініп, бір-бірімен ағылшын тіліндегі білімдерімен жарысты. Бұл сайыста оқушылар Домино ойынын ойнады, диалог құрды, есеп шығарды, викторина сұрақтарына жауап берді. Оқушылар топта жұмыс істегендіктен, бір-бірімен жарысып, жеңіске деген ынталары жоғары болды. Сайыстың нәтижесі бойынша 1 орынға «Champions» тобы ( Байкенова А., Чайх А., Жаманбаев А., Қабкеш А., Рушанов А.) ие болды. 2 орынды «Best of the best» тобы (Муратбеков Н., Мүбәрәк А., Абильмажинов А., Молдабаева А., Шариғат С.), және 3 орынды «Smiles» тобы (Табылбекова Д., Хасенов М., Ержанова А., Данияров М.) алды. Оқушыларға бұл сайыс өте ұнады, барлығы белсенді қатысып, жарыс көңілді және қызықты өтті. Жарыстың соңында оқушылардың барлығы бірге «If you happy» («Егер сен бақытты болсаң») ағылшын өлеңін орындады. Барлық топтар сыйлықтармен және мақтау қағазымен марапатталды.