22.09.2015 жылы 10 сынып оқушылары арасында «Тіл-басты байлығымыз» тақырыбына конференция өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.
Конференция жоспары: - «Тіл-ғажайып қасиет» туралы мағлұматтар беру.
- Тіл туралы өлеңдер.
- Тарихтан тіл туралы мағлұматтар.
- Тіл туралы мақал-мәтелдер,жұмбақтар.
- Конференция туралы балалардың пікірлері.
Конференция мазмұны өзекті болды. Оқушылар қызығушылықпен қатысты.