Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Жарқын болашақ» олимпиадасы
14-02-2010 18:00

12 ақпанда қазақ – түрік лицейінде «Жарқын болашақ» атты қазақ тілі олимпиадасы өтті. Бұл олимпиада KATEY Халықаралық қоғамдық қоры тарапынан жыл сайын өткізілетін шара болып табылады.

Олимпиаданың мақсаты:

- Мемлекетік тілдің қолдану аясын кеңейту

- дарынды балаларды анықтау және қолдау көрсету

- жоғары сынып оқушыларының гуманитарлық-қоғамдық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға көмектесу

Олимпиада алты бағыт бойынша өткізілді:

І. «Тіл білімі» бағыты

ІІ. «Сөз мәнері» бағыты

ІІІ. «Әнші – бұлбұлдар» бағыты

ІҮ. «Сахна саңлақтары» бағыты

Ү. «Жас ғалымдар» бағыты

ҮІ. «Өлкетану» бағыты

Қазақ тілі олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жеңімпаздардың ішінде №24 мектептің шәкірттері де бар. Олар:

«Тіл білімі» бағыты бойынша ІІІ орынға ие болған 11 «Г» сынып оқушысы Стручалина Ольга (мұғалімі Ережепова А.Х.), «Әнші – бұлбұлдар» бағыты бойынша ІІІ орынға ие болған 9 «Д» сынып оқушысы Субботина Мария (мұғалімі Жулдасова А.К.)

«Жарқын болашақ» олимпиадасына қатысып, жеңіспен оралған

№24 мектептің шәкірттерін шын жүректен құттықтап, оқуда табыс тілейміз.