Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Дұрыс тамақтану»
01-04-2010 18:00

Бүгін, 02.04.10 күні №24 ЖОМ мектебінде 5-11 сыныптар арасында «Дұрыс тамақтану» атты іс-шара өткізілді. Викторина кезенінде оқушылар осы мәселе бойынша өз пікірін, аяқ кезінде тақырып арнайы үлестірме қағаздар ұсынды.

Шараны өткізген химия пәнінің мұғалімі Р.Б.Жапарханова

*****************************************************************

«Дұрыс тамақтану»

Тамақтану ағзаның қалыпты өсіп дамуы мен тіршілік әрекеті үшін ең негізгі жағдай дұрыс тамақтану. Ескірген, ыдырап тозған жасушалардың орнына қанмен бірге әкелінген кенеулі заттардан жаңа жасушалар түзіледі.

Жасушаның дамуы үшін де кенеулі заттар қажет, өйткені , ағзаның тіршілік әрекетіне қажетті энергия болып табылады.

Кенеулі заттарға өсімдіктер мен жануарлардан алынған азық- түлектер жатады. Олардың құрамына ақуыз, май, көмірсулар мен минералды заттар және дәрумендер кіреді.

Ақуыз негізінен мал және құс етінде, жұмыртқада , сүтте, жаңғақта, жармада көп кездеседі. Адамның қалыпты өмір сүріп, дұрыс жұмыс атқаруы

үшін құрамында біркүндік ақуыз мөлшері 100-120 граммға тең болуы қажет. Ақуыз тек адам ағзазын құрастырушы ғана емес, ол көптеген ферменттер мен гормондарды түзуге қажет.

Майлар- жылу қоры. Май өсімдік және жануарлардан алынатын азық- түліктер құрамында болады.

Адамның күнделікті тағамында жануар және өсімдік майларының болуы қажет. Бір күнде адам денесінің бір килограмм салмағына қажетті ас құрамындағы май мөлшері 1-1,25 грамм болуға тиіс.

Көмірсулар - негізгі жылу қоры. Олар көбінесе өсімдіктекті тағамдардың құрамында болады.

Адам тіршілігі мезгіл-мезгіл ас ішіп, оны қорытып, денесіне сіңіруіне байланысты.

Халқымыз « Ас – адамның арқауы» - дейді. Ас - адамның құрылыс материалы, энергия қоры. Адамның денсаулығы, дене қимылы, ой еңбегі және толып жатқан басқа іс – әрекеттер астың құрамына тікелей байланысты.

Адамның денсаулығы көбінесе оның немен және қалай тамақтануына байланысты. Дұрыс тамақтану арқылы адам өз денесіне қажетті заттарды алып отырады.

Ас тағамдары әр түрлі болуы керек. Астың құрамында өсімдіктер және жануарлар өнімі болуы қажет.

Дәмдеп ішкен ас жылдам және толық қорытылады.

Қазақ халқы ұлттық тағамдарды дайындаудың ежелгі әдістерін осы күнге дейін пайдаланып келеді. Бұрыннан белгілі, жылдың мерзімдік ауысуына байланысты, адамның күш- қуатын ас арқылы толықтыру мақсатында, халқымыз тағамның мынадай түрлерін әзірлеген.

Қыстың боранды күндерінде жылқы етінен тағамдар жасаған ( жал-жая, қазы- қарта, езілген құрт қосылған көже.

Жаз айларында - сүт, ет пен сары қымыз , ыстық шай .

Күздің қоңыр салқын күндерінде - қуырдақ , күзге сойған малдың етінен жасалған тағамдар.

Бұл тағамдардың кенеулі қасиеті ағзаны айналаныңауыспалы өзгерістерінен сақтап қалуға зор мүмкіндік берді.

Ыстық тағамдар тәбет ашуға, көңіл күйді көтеріп, асты сіңімді етеді.

Ыстық тағамдардың сіңімділігі мен қуаты адам ағзасына мол әсер тигізеді. Бұған қоса тағамдардың дәмін келтіретін, иісін бұрқыратып, адамның тәбетін ашатын тұздардың қаншама.

Бұл тағамдардың қуаттылығы олардың құрамындағы минералды тұздардың ақуыздың, майлардың, көмірсулардыңжеткілікті дәрежеде және дәруменге ( А, С, В. Д, Е (, т.б. бай болуында.

Сөйтіп, ыстық тағамдардың қуатты қасиеті мен асқорыту мүшелерінің қызметін жақсартуда маңызы өте үлкен.

Бұл күндері тәбет ашу үшін балық, құс және өсімдік өнімдерінен дайындалған әр түрлі тағамдар мен ұннан дайындалған дастарқан әзірлейді.