Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Адрес: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
бастауыш сыныптардың онкүндігі өтті
06-03-2017 16:36
бастауыш сыныптардың онкүндігі өтті

№24 ЖОМ бастауыш сыныптардың онкүндігін өткізу туралы
есеп

        Әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес 23 ақпаннан бастап 03 наурызға дейін мектепте бастауыш сыныптардың онкүндігі өтті. Ол ГОСО талаптарына сәйкес оқушылардың сабақтағы және сыныптан тыс уақыттағы әрекеттерін ұйымдастыру жолдарына арнады.
Міндететрі:
• оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту;
• шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру;
• талантты оқушыларды анықтау;
• ұжымда жұмыс істей білуге үйрету, қоршаған ортаға рухани-эстетикалық көзқараспен қарауға тәрбиелеу;
• педагогтардың заманауи педагогикалық технологияларға қызығушылықтарын арттыру
Онкүндік аясында ГОСО форматтағы сабақтардың типтері қарастырылды. Мұғалімдер бастауыш сыныптардағы заманауи сабақтарды және сыныптан тыс ісшараларды өткізудің түрлерімен танысты. Мұғалімдер өз сыныптарында конкурстар, викториналар өткізіп, әртүрлі номинациялы жеңімпаздарды анықтады.
Бастауыш сыныптардың онкүндігі оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің ашылуына мүмкіндік берді. Барлық мұғалімдер жақсы ұйымдастырушылық қабілет танытып, мерекелік шығармашылық көңіл-күй жасай алды. Оқушылар пәндерден білімдерін, әртүрлі жағдаяттарда жұмыс істей алуларын, қиын сұрақтарға тез шешім қабылдай алатындарын көрсете білді.
Бірінші күні онкүндіктің ашылуы салтанатты түрде өтті. Онкүндіктің ашылуы кезінде 1-ші сынып мұғалімдері «Оқырманға қабылдау» ашық шараны өткізді. Шараға ДОТЖО М.Г. Лемешинская, бастауыш сыныптардың мұғалімдері, оқушылардың ата-аналары қатысты.
Шараның тақырыбы жиналғандардың жүрегін баурап алды. Шараның соңында 1-ші сынып оқушылары кітапханаға барып, мектеп кітапханасының ресми оқырмандары қатарына қабылданды.
2017 жылғы 02 наурыз күні 2-ші сынып мұғалімдері өздерінің параллельдерінде «Ертегілер әлемінде» шарасын өткізді. Оқушылар ертегілер кейіпкерлерін атап қана қоймай, сондай-ақ өздері де ертегілерді сахналады (2 «В» сыныбы – «Рукавичка»; 2 «Е» - «Волк и семеро козлят»).
3-ші сынып мұғалімдері «Дарындылар конкурсын» ұйымдастырды. Балалар үлкен қызығушылықпен өз дарынын көрсетті. Шараға оқушылардың ата-аналары және 2-ші сынып оқушылары шақырылды.
2017 жылғы 03 наурыз күні 8 наурыз мерекесіне орай ата-аналар конференциясы өткізілді. Мейірімді де, сүйікті аналардың құрметіне жылы сөздер айтылды, концерттік нөмірлер көрсетілді. 2-ші және 3-ші сынып оқушылары ән шырқады, биледі және ана туралы өлеңдер оқыды.
Ісшаралармен қатар ашық сабақтар да өткізілді.
Әдебиет.
3 «Е» сынып жетекшісі Н.К. Макина М.Кабанбаевтың «Сам пропадай, а товарища выручай» шығармасына ашық сабақ өткізді. Сабақ өте қызықты өтті.
Әдебиеттен Н.Т. Емельянова да сабақ өткізді. Тақырыбы: Р.Погодин «Клад». Балалар топпен жұмыс істеп, автор шығармасын неге солай атады екен деген сұраққа жауап берді.
Мұғалім А.И. Байтокина да әдебиеттен сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы - «Рикки –Тикки- Тави» Р.Киплинг.
Орыс тілі. Комутова К.К. және Базаводова М.В. «Сөйлемнің бас мүшелері», Сагдеева И.А. «Сөз тіркестері және сөйлем», Дюсекенова Р.А. «Өткенді қайталау. Етістік» сабақтарын өткізді. Аталмыш сабақтар жоғары деңгейде өтті. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында мұғалімнің өз қолымен жасалған түрлі көрнекілік құралдар пайдаланылды.
Математика. Мұғалім Алинова М.Т. «Есептерді шығару» тақырыбына математикадан қызықты, танымдық сабақ өткізді. Конкурстар және жарыстар өткізді. Сабақ алгоритм бойынша құрылды. Сабақ басында қойылған мақсатқа жете алды.
Онкүндік аяқталғаннан кейін ӘБ отырысы өткізіліп, қорытынды шығарылды. Мұғалімдер өздерінің жұмыстарына ГОСО форматында жобаланған сабақтың түрлерін қажет деген қорытындыға келдік.

ӘБ басшысы: Н.Т. Емельянова