ҚР Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұйымдастырған «Қазақ тілі екінші тіл ретінде оқытудың тиімді әдіс-тісәлдері» атты республикалық семинар өтті. Дәрісті жан –жақты, шығармашыл, ізденімпаз ҚР БҒМ Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА қоғамдық –гумманитарлық білім зертханасының аға ғылыми қызметкері Жакишева Мейрамгүл Кенжегағалиқызы ұйымдастырды.
Курстан өзімізге білім мен қызықты қажетті ақпараттар алдық. Курс заман талабына сай әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы қызықты және жоғары дәрежеде жүргізілді. Осы курстың жүргізілуі біздің жүмыс істеу қабілетімізге көп әсер етіп, шабытымызды оятты. Себебі –курс барысында адамгершілік құндылық қасиеттерге байланысты толық жұмыстар жасауда,мұғалімдермен өткізілетін іс-шараларды жұппен, топпен орындау арқылы өзімізді толғандырып жүрген мәселеміздің шешімін таптық. Сондай –ақ білім мазмұнына енгізіліп жатқан жаңа білім беру бағдарламаларының ішкі мазмұны мен құрылымы жайлы мағыналы дәріс тыңдап, топпен жұмыс жасау арқылы білімімізді толықтырдық.
Семинарда №24 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Г.С. Абсаматова , А.К.Жулдасова, М.М.Шакенова, К.С. Смағұлова сертификаттарға ие болды, ал мектеп директоры Н.Ш.Рахимғожина Алғыс хатпен марапатталды.
ҚР Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының аға ғылыми қызметкері Жакишева Мейрамгүл Кенжегағалиқызы
мектеп ұжымына, семинар ұйымдастырушыларына: Қасымханова Р.Қ., Керейбаева Қ.Қ., Шакиримова Н.Қ., Қазыбаева Ү.Ж., Рахимжанова А.К., Адильшенова М.М, Зарыкканова А.Б., Букарбекова У.С., Қайырбекова А. А., Кусаинова С. Т. үлкен алғыс білдірді.