Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
С.ТОРАЙҒЫРОВ АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНЕ ЭКСКУРСИЯ
04-04-2017 10:54
С.ТОРАЙҒЫРОВ АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНЕ ЭКСКУРСИЯ

8 «В» сынып оқушылары облыстың ғылым және білім орталығы – С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне саяхат жасады. Әр адамның өмірінде болашақ мамандығын таңдау ең маңызды кездердің бірі болып табылады. Сондықтан мектептің, заманауи орта білімнің міндеті өзінің тәрбиеленушісін дұрыс жолға бағыттау, оның болашақ өмірін қамтамасыз ету. С.Торайғыров атындағы ПМУ болған экскурсияның мақсаты – оқушының кәсіптік бағдарын ерте анықтау, оған жоғары оқу орнына түсуге ниетін арттыру, және ЖОО түсуге көмек көрсету. 8 «В» сынып оқушыларының экскурсиясы А.Марғұлан атындағы археологиялық мұражайдан басталды. Онда тарих ғылымдарының кандидаты Гульнара Рахимжанова ЖОО студенттері мен ұстазадырының тапқан тарихи жәдігерлерін көрсетті. Оқушыларға облыстағы ең алғашқы бизнес коворкинг көрсетті. С.Бейсембаев атындағы кітапханамен таныстырды. Қазақстан Халықтары кітапханасы көркем әдебиеттер залын, этникалық залының бай қорын көрсетті. Оқушыларға Сұлтанмахмұт Торайғыровтың залын көрсетіп, онда қазақ халқының белгілі ақыны туралы мәліметпен таныстырды. Ұлы даналардың портреттері сақталып тұрған залға кіргізді. ПМУ ректорының баспа қызметінің басшысы Руфина Торпищевамен кездесті, Павлодар қаласының №24 мектебі өзінің үздік оқушыларымен қалаға белгілі екенін атап өтті. Кейін балаларға Қазақстан Халықтары Ассамблеясының кафедрасын және асхананы көрсетті. Экскурсияның мақсатына жеттік деп айтуға болады, себебі балалардың көбі университетке түсіп, жоғары білім алғысы келетінін айтты.