Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Адрес: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
35 жыл бұрын мектепті бітірген түлектердің кездесу кеші өтті
23-04-2017 12:14
35 жыл бұрын мектепті бітірген түлектердің кездесу кеші өтті

22 сәуір күні мектебіміз осыдан 35 жыл бұрын мектепті бітірген түлектерге есігін айқара ашты. Түлектердің кездесу кеші – мектебіміздің ұзақ жылдар бойғы дәстүрі.
Өмір мектеп түлектерін республиканың әр жеріне, тіпті одан алыс жерлерге де шашыратып жіберді. Кешегі оқушылардың қазіргі кезде өмірлік және еңбек тәжірибесі мол. Қуаныш та болды, қайғы да болды, құлап сүрінулер де, сәтті күндер де болды – бір сөзбен айтқанда өмір емтихандарынан өтті. Балаларын өсірді және немерелерін тәрбиелеуге көмектерін көрсетуде. Кейбір түлектер бұл уақыт ішінде туған мектебіне келе алмады. Ал бүгін, енді қандай ұмытылмас кездесу болды: олардың көздері қуанышқа толы болды. Бәрі өткен бақытты балашақтарына оралғандай сезінді. Барлық түлектерді жаңа энергиямен қуаттандырған шынайы жан мерекесіне айналды.
Арамызда жоқ мұғалімдер мен түлектерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Педагогикалық қызметтің ардагер мұғалімдері туралы да сөз қозғалды. Мектепті аңсау балалық шақпен, мұғаліммен, сыныптастармен, достарымен кездесуге ниет білдірген барлық түлектерді жинады. Далада ауа-райы бұлыңғыр болғанымен, мектепке, ұстаздарға деген ыстық сезім түлектерді жылытты. Түлектер бүкіл мектепті аралап шықты, өз сыныптарына барып, сынып жетекшісімен кездесті. Түлектердің арасында әртүрлі мамандықтың иелері бар: жүргізушілер мен есепшілер, мұғалімдер мен тілшілер, газет редауторлары мен кәсіпкерлер, спорт жаттықтырушылары мен мәдениет қызметкерлері, ал кейбіреулері бала тәрбиелеумен айналысуда.
Қонақтарымыздың қуанышты жүздеріне қарағанда, мектептегі шақ ең бақытты және ұмытылмас кездердің бірі екеніне тағы да көзіміз жетті.