Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Д.Багаев атындағы мемориалдық үй-мұражайына экскурсия»
06-05-2017 02:53
«Д.Багаев атындағы мемориалдық үй-мұражайына экскурсия»

2017 жылғы 4 мамыр күні 8 «Д» сынып оқушылары сынып жетекшілері С.К. Инербаевамен бірге Д. Багаев атындағы үй-мұражайына барды.
Д.Багаев атындағы мемориалдық үй-мұражайы 2001 жылғы 30 қаңтар күні ашылды. Ол Г.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайының филиалы болып табылады. Осы үйде Ертіс өңірінің өлкетанушысы, шежірешісі, Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының негізін салушы және алғашқы директоры, атақты фотограф, Қазақстан шегінен тыс жерлерде белгілі Дмитрий Поликарпович Багаев тұрды және қызмет атқарды.
Үй-мұражайдың ғимараты 19 ғасырдағы мещандық тарихи-архитектуралық ескерткіш болып табылады. Бұл Павлодардағы жалғыз мемориалдық мұражай, Қазақстандағы жалғыз фотографтың мұражайы. Мұражай келесідей кешеннен тұрады: үй үш бөлмелі, бірегей фотопавильон, қорықтық үй-жай.
Балаларға мұражайдың залдарымен қызықты экскурсия жүргізілді, онда олар туған өлкенің тарихымен, Дмитрий Поликарпович Багаевтың өмірбаянымен және оның қызметімен танысты. Балаларға экскурсия өте ұнады, экскурсия жетекшісіне сұрақтар қойды, мұражайдың экспонаттарын фотоға түсірді.