Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Балаларға сыйға тартқан мереке!
08-06-2017 12:28
Балаларға сыйға тартқан мереке!

Жайдарлы жаз да келді, жазғы демалыс та басталды. Жаз айының бірінші күні жыл сайын тамаша мереке Балаларды қорғау күні атап өтіледі. Бұл күні балалар ересектердің ерекше қамқорлық пен көңіл сезінуін күтеді. Түрлі іс-шаралар өткізіледі. Павлодар қаласының «Добряков клубы» да іс – шарадан тыс қалмады. Бізді бұл клубпен пластикалық қақпақтарды жинау науқаны жақындастырған болатын. Осы науқанға белсенді қатысқаны үшін еріктілер біздің мектепті атап өтті. Бір мыңнан астам қақпақтарды жинаған ең белсенді сегіз оқушыны Естай атындағы мәдениет сарайына 1 маусым Балаларды қорғау күніне арналған қайырымдылық концертіне шақырылды. 3 маусым күні 10 оқушы аз қамтылған отбасылардан және жетім балалар тобынан шақырылды. Балаларды құттықтауға Павлодар қаласының әкімінің орынбасары Бегентаев Мейрам Мұхаметрахимұлы және Павлодар қаласының «Добряков клуб» төрайымы Соромотина Екатерина құттықтады. Содан кейін балаларды «паровоз» сайқымазағы, қуыршақтар, балалар мен жастар шығармашылық топтары көңіл бөліп, құттықтады. «Сумашедсшая лаборатория» шоу қойылымы мен «Дмитрий сабын көпіршіктерімен» өткізілген шараларда балаларға өте көңілді, тосын сый болды.
«Еріктілер клубы» балаларға сыйлық жасау мақсатында демеушілер іздестіріп тапқан. Оларға футбол доптары, айналма шеңберлерін, үстел ойындарын, жұмсақ оыйншықтар мен қуыршақтар ұсынылды. Іс – шара аяқталуға жақын қалғанда балаларды мерекелік дастархан:пицца, бауырсақ, тәтті тағамдар, жеміс –жидектер күтіп тұрды.
Мереке сәтті өтті! Павлодар қаласының «Еріктілер клубына» үлкен алғысымызды білдіреміз. Біз Сіздердің атқарылып жатқан жұмыстарыңызды мақтан тұтамыз. Біз Сіздердің көмек пен қолдауды қажет ететін, тағдыры мен жағдайаттарына бей-жай қарамайтын, жастардың өсіп келе жатқан бірқатар топтарына тартылған көмектеріңді көріп мақтан тұтамыз.
 Біз де « №24 жалпы орта білім беру мектебі»ММ – нің оқушылары, ұжымы пластикалық қақпақтарды жинау науқанына белсенді қатысып, қайырымдылық іс –шара жұмыстарына қатысуға уәде береміз.
« Ізгілік әлемді құтқарады» деп айтқымыз келеді !!!

Әлеуметтік педагог: Mеньщикова Фания Чулпановн