Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
11 – сынып оқушыларының аттестат беру салтанатты кеші «ЖАСА ҚАЗАҚСТАН»
12-06-2017 12:01
11 – сынып оқушыларының  аттестат беру салтанатты кеші   «ЖАСА ҚАЗАҚСТАН»

          Мектеп бітіру кеші - мектеп қабырғасында соңғы адамгершлік пен ізгілік, алғыс ретінде өткізілетін соңғы іс –шара. Мектеп бітіру кеші – мектеп өмірінде өзіндік өмірі бар, қызықты іс –шара: балалық шақпен қоштасу, мектеп, мектептегі достарымен, ұстаздарымен қоштасу. Бұл өмір кезеңіндегі қорытындылаудың үлкен сатысы.
         «№24 жалпы орта білім беру мектебі»ММ –нің мектеп бітіру кешін өткізудің мақсаты – жоғары әлеуметтік белсенділігі қалыптасқан Қазақстан Республикасының лайықты азаматы болуға ниетін дамыту болып табылады.
          2017 жылдың 10 маусым күні сағат 17:00 –де «Жаса Қазақстан» атты 11 сынып оқушыларының аттестат беру салтанатты мектеп бітіру кеші мектеп АКТ залында өтті. Мектеп директоры Н.Ш.Рахимгожина қанатты жолдау сөздерімен түлектерді құттықтады. Қазақстан Республикасының, Қазақстан білімінің бәсекеге қабілеттілігін атап өтті.
          Инновациялық Еуразиялық Университеттің инжинериялық - индустрия дизайны факультетінің аға оқытушысы Алгазинов Наркен Кайроллаевич, Қазақстан халық Ассамблеясының жастар қанатының төрағасының орынбасары, «Бірлік» студенттер Ассамблеясының төрағасы, №24 мектеп түлегі Смаилов Рамиль мектеп бітіруші түлектерді құттықтады.
           Іс – шара қазақ эстрада жұлдыздары Қайрат Нқртас, Әлішер Кәрімов, Аша Матай орындауында қаланық орталық стадионында жалғасты.