Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
САЛТАНАТЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА
03-09-2017 12:19
САЛТАНАТЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА

1-9, 10,11 сынып оқушылары үшін Білім күні салтанатты түзелуден басталды. Салтанатты түзелім ұйымдасқан түрде өтті. Мерекелік көңіл-күй бәрінен – мерекені безендіруден, мұғалімдер мен оқушылардың қуанышты кездесулерінен, жоғары сынып оқушыларының достық қол алысып амандасуынан сезіліп тұрды. Әдемі киініп келген қонақтардан, мұғалімдерден, балалар мен олардың ата-аналарынан толқу байқалып тұрды. Алғаш рет мектеп табалдырығынан аттағалы тұрған бүлдіршіндерді және олардың ата-аналарын, бүкіл педагогикалық ұжымды мектеп директоры Н.Ш. Рахимгожина құттықтап өтті. ҚР Білім беру жүйесінің құрметті қызметкері Турсынбек Сарсенаевич Оспанбеков пен мектептегі ата-аналар комитеті төрағасының орынбасары Галия Социаловна Ахметова да жиналған қауымды құттықтап, ізгі ниеттерін білдірді.
Мерекелік шарадан кейін 1-9,10,11 сыныптарында сынып сағаттары өткізілді.