Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
2017 ЖЫЛҒЫ 17 ҚЫРКҮЙЕК КҮНІ «№24 ЖОМ» ММ-ДЕ ТРАМВАЙ БАСҚАРМАСЫМЕН БІРГЕ ОҚУШЫЛАРМЕН ӘҢГІМЕЛЕСУ ӨТКІЗІЛДІ.
18-10-2017 09:07
2017 ЖЫЛҒЫ 17 ҚЫРКҮЙЕК КҮНІ «№24 ЖОМ» ММ-ДЕ ТРАМВАЙ БАСҚАРМАСЫМЕН БІРГЕ ОҚУШЫЛАРМЕН ӘҢГІМЕЛЕСУ ӨТКІЗІЛДІ.

Қауіпсіздік апталығы шеңберінде мектепте жол жарақаттануын алдын алу мақсатында әртүрлі шаралар өткізілді. Бастауыш сынып оқушылары жол жүру ережелерін, бағдаршам дабылдарын, қоғамдық орындардағы тәртібін білу бойынша ойындар мен викториналарға қатысты. «Жол жүру ережелері бала көзімен» тақырыпта суреттер көрмесі ұйымдастырылды.

Оқушылармен келесідей тақырыпта сынып сағаттары өтті: «Көше және жаяу жүргінші», «Жолдан қалай қауіпсіз өтуге болады», «Велосипед, мопед жүргізушісі білуі тиісті жол белгілері», «Жол жүру ережелерін біл және сақта», «Мопед немен қауіпті?» .
2017 жылғы 17 қыркүйекте біздің мектепте Трамвай басқармасымен бірге оқушылармен әңгімелесу өткізілді. «Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ өкілдері Рыбалко Антонина Максимовна және Жумагулов Марат Амангельдинович оқушыларды трамвай жұмысының ерекшелегі, трамвайдың аялдамаларында өзін-өзі ұстау ережелері туралы, трамвайда жүру ережелері туралы таныстырды.
Барлық өткізілген шаралар жол жарақаттануын алдын алуға арналды.