Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
БІЗДІҢ МЕКТЕПТЕ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ КҮЗГІ БАЛ МЕРЕКЕСІ ӨТТІ
18-10-2017 09:39
БІЗДІҢ МЕКТЕПТЕ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ КҮЗГІ БАЛ МЕРЕКЕСІ ӨТТІ

Біздің мектепте оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру және дамыту мақсатында жыл сайынғы Күзгі бал мерекесі өтті. Әсем безендірілген акт залында «Алтын күз» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. «Күз сыйы» конкурсына балалар гүлдерден, жапырақтардан, жеміс пен көкөністерден әртүрлі бұйымдар жасады.
Тәлімгер дайындаған шара викторинадан, ойындардан, билерден, музыкалық нөмірлерден құралды.
Конкурсқа 5-6, 7 – 9 сыныптардың оқушылары қатысты. Конкурс 3 кезеңнен тұрды: «Таныстыру», «Күзгі қиял», «Күзгі дефиле».
Әр конкунрста әрбір қатысушы әсерлі биімен, әсем өлеңімен көрермендерді әсерге бөлеп, таңқалдырды. Тіпті, 7,8,9 сынып оқушылары үшін көрермендер орындарынан тұрып, қошемет білдірді. Қазылар алқасына жеңімпазды анықтауға қиынға соқты. Себебі барлық қатысушылар аталмыш шараға өте жақсы дайындалып келген.
Мереке қызықты эмоцияға толы болып, уақыттың қалай тез өтіп кеткенін мереке қонақтары білмей қалды.