Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
2017 ЖЫЛҒЫ 27 ҚАЗАН КҮНІ «№24 ЖОМ» ММ «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ АЯСЫНДА «ОҚУШЫНЫҢ ТҰЛҒАСЫН ДАМЫТУДА ОТБАСЫ, МЕКТЕП ЖӘНЕ ҚОҒАМНЫҢ ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ» ТАҚЫРЫПТА ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ.
30-10-2017 08:42
2017 ЖЫЛҒЫ 27 ҚАЗАН КҮНІ «№24 ЖОМ» ММ «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ АЯСЫНДА «ОҚУШЫНЫҢ ТҰЛҒАСЫН ДАМЫТУДА ОТБАСЫ, МЕКТЕП ЖӘНЕ ҚОҒАМНЫҢ ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ» ТАҚЫРЫПТА ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ.

2017 жылғы 27 қазан күні «№24 ЖОМ» ММ «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Оқушының тұлғасын дамытуда отбасы, мектеп және қоғамның өзара қарым-қатынасы» тақырыпта облыстық семинар өтті. Семинарға облыстың жалпы білім беретін және арнаулы мектептердегі директордың тәрбие жөніндегі орынбасарлары, психологтар, әлеуметтік педагогтар қатысты.
Семинардың пленарлық бөлімінде Павлодар облысы ішкі саясат басқармасының бас маманы А.Б. Садвокасова орта білім беру аясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру туралы, білім басқармасының бас маманы Ж.А. Сматаева баланы отбасыда, мектепте, қоғамда тәрбиелеу бойынша жұмысты жетілдіру туралы, Назарбаев зияткерлік мектебінің химия-биология бағытындағы директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Б.К. Досанова мектептегі мәдениеттің мектептегі тәрбие үрдісіне тигізетін әсері жайлы, ІІД ювеналдық полицияның бөлім бастығы Б.Т. Камзина құқық қорғау органдарының Павлодар облысы білім беру мекемелерімен қарым-қатынасы жайлы сөз қозғады, Павлодар қ. №24 ЖОМ ММ директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары Л.П.Шопинская мектептің инновациялық жобасы аясындағы «Отбасылық мұра – республиканың игілігі» инновациялық жобасын ұсынды.
Семинардың тәжірибелік бөлімінде ата-аналарға психологиялық көмек көрсету әдістемесі бойынша коучинг, психологиялық тренинг, білім мазмұнын жаңарту жағдайында мектептің тәрбиелеу үрдісін модельдеу бойынша сабақ-практикум өткізілді. Семинардың қорытындысы бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді.