Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Қазақстан болашағы біздің қолымызда» жастар патриоттық форумын өткізу туралы
29-11-2017 03:30
«Қазақстан болашағы біздің қолымызда» жастар патриоттық форумын өткізу туралы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Қазақстан болашағы біздің қолымызда» VI мектептік жастар Форумы
2017 жылғы 28 қараша күні «Павлодар қаласының №24 жалпы орта білім беру мектебі» ММ-де өткізілді.
Форумды өткізудің басты мақсаты – оқушыларға патриоттық тәрбие беру, олардың патриоттық сезімдерін, белсенді өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру міндетін жүзеге асыру.
Форумға «Нұр Отан» партиясының Павлодар облыстық филиалы төрағасының Бірінші орынбасары, қалалық маслихаттың депутаты Илья Сергеевич Теренченко, қалалық білім беру бөлімінің бас маманы Сагындык Сембаевич Шакенов, Павлодар қалалық білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымының басшысы Сабира Шакеновна Сеитова, Қазақстан кәрістері қауымдастығының Павлодар облыстық филиалы төрағасының орынбасары Раиса Самсоновна Афанасьева, мектептің ата-аналар комитетінің төрағасы Николай Васильевич Москалец, мектептің ата-аналар комитеті төрағасының орынбасарлары Илья Юрьевич Федоров және Галия Социаловна Ахметова, С.Торайғыров атындағы ПМУ Студенттері қауымдастығының төрағасы Рамиль Смаилов, ата-аналар, педагогикалық еңбек ардагерлері шақырылды. Форумға педагогтар, 8-11 сынып оқушылары, қонақтар қатысты.
Әрбір елдің тарихында үлкен мақтанышпен айта алатындай оқиғалар бар. Тәуелсіз мемлекет экономикасының дамуы, жаңа технологиялар, демократияның мықты негіздерін құру, ұлт бірлігі, бейбіт пен келісім, ғылымның, шығармашылықтың, білім беру саласының, әлеуметтік ортаның дамуы – бұның бәрі біздің көшбасшымыз - елбасы басқарып тұрған тәуелсіз, егеменді мемлекетте жүзеге асуда. Сондықтан бүгінгі ісшараның басты себебі де сол. Форумда марапаттау рәсімі өтті. Тұңғыш Президент күні қарсаңында қол жеткізген табыстары мен жетістіктері үшін мектептік өзін-өзі басқару ұйымының белсенділері, ата-аналар, педагогтар, демеушілер марапатталды. Форум барысында өлеңдер оқылды, ұрандар айтылды. Форумның қатысушылары «Молодежь – это мы - будущее страны!» деп бір дауыспен ұрандады.