Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Адрес: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШУДІҢ ДҰРЫС-БҰРЫС ЖАҚТАРЫ»
06-12-2017 04:50
«ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШУДІҢ ДҰРЫС-БҰРЫС ЖАҚТАРЫ»

2017 жылғы 12 сәуірде «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Болашаққабағдар: руханижаңғыру» мақаласында елбасының 2025 жылға дейін латын тіліне көшу туралы пікірі жайлы қоғамда пікірталас туындады. Осыған орай 2017 жылғы 04 желтоқсанда 8 «В» және 8 «Г» сынып оқушылары арасында «Латын графикасына көшудің дұрыс-бұрыс жақтары» тақырыпта пікірталас ұйымдастырылды. 
сыныптар екі топқа бөлініп, тақырыпты талқылай бастады. Олар оң және теріс жақтарын келтіре отырып, қазіргі Қазақстанда болып жатқан жағдайларға өз бағаларын бере білді. Жаһандану мен бірігу жағдайында латын графикасына көшу қажет екенін түсіндірді, алайда, кемшіліктерін де атап көрсетті. Олар экономикалық, әлеуметтік және саяси жақтарынан кемшіліктер. Түркия, Әзірбайжан, Өзбекістан, Тәджікістан және Польша елдерінің тәжірибесін мысалға келтірді.
Әсіресе, 8 «В» сынып оқушысы Тоқтар Аида мен 8 «Г» сынып оқушысы Есентаев Алдияр белсенді қатысты. Олар шешендік қабілеттерін және тарихтан білімдерін шебер көрсете білді. Дәлелдемелер және Елбасы мен көптеген қазақстандық және шетелдік саясаткерлердің дәйексөздерін көп келтірді.