Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Білім беру мекемелерінде салауатты өмір салтын насихаттау жолдары»
12-10-2010 18:00

«Білім беру мекемелерінде салауатты өмір салтын насихаттау жолдары» тақырыбы бойынша №24 жалпы орта білім беру мектебінде 2010 жылдың 12 қазанында облыстық семинар өтті.

Жас буынды жан-жақты тәрбиелеуде дене тәрбиесінің маңызы орасан зор. Мектепте дене тәрбиесі адамгершілік, еңбек, ақыл-ой және эстетикалық тәрбиелеу жүйесімен біріктіріле жүргізіледі. Дене тәрбиесі оқушылардың барлық буындарының денсаулығын нығайтуға салауатты өмір салтын қалыптастыруға, спортпен ұдайы айналысуына бағытталады. Оқушылардың тәрбие процестерінде төмендегі міндеттер шешілуі қажет:

1. денсаулығын нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп жетілуіне ықпал ету, организмнің жұмыс қабілетін арттыру;

2. қозғалыс дағдылары мен ептіліктерін қалыптастырып және жетілдіру, қозғалыстың жаңа түрлерін үйрету.

Оқушыларға дене тәрбиесі жайында жүйелі білім беріп, олардың дені сау болып өсуіне басты назар аударылуы қажет. Осы тақырыпқа байланытсты біздің №24 жалпы орта білім беру мектебінде 2010 жылдың 12 қазанында облыстық семинар өтткізілді. Оның тақырыбы: «Білім беру мекемелерінде салауатты өмір салтын насихаттау жолдары».

Семинар басында Абенова Алма Баетовна «Дені сау мектеп» тақырыбы бойынша баяндама жасады. Біздің мектепте оқу жылы бойы оқушылардың дендері сау болу үшін әртүрлі шаралар өткізіліп отыратынын айтты. Соның бірі ол біздің мектеп асханамызда оқушылар үйлерінде өздері дайындаған қазақ халқының тағамдарын конкурсқа әкеліп, үстел жасап, қонақтарды астың дәмін көруге шақырды.

Жыл бойы әрбір сыныптар кезек-кезек «Салауатты өмір салты» боынша баяндама жасайды, тәңертеңгілік бойжаттығулар өткізіледі.

Осы семинарда «Дені сау ұрпақ – болашақтың кепілі» тақырыбын алып баяндама жасаған 7 сынып жетекшісі – Қасымханова Р. Қ.

Мектептегі дене тәрбиесінің жұмысын жақсарту үшін және салауатты өмір салтын қалыптастыруға көмек ретінде мектептің фойесінде әдістемелік әдеиеттер қойылған.

Бастауыш сыныптарда дене тәрбиесі сабағының мазмұны, негізінен, қозғалмалы ойындардан тұрады.

Бала өмірі ойынға байланысты, ойынсыз олар өсіп, өркендей алмайды. Ойын – бала өміріндегі тәрбиенің шешуші шарты. Бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды ойын арқылы түсініп ұғынады. Соған байланысты семинарда тәжірибемен бөлісу кезеңінде дене шынықтыру мұғалімі – Шакаров Е. 4 «Ә» сыныбында «Көңілді ойындар» дене шынықтыру сабағын ата-аналармен және оқушылармен өткізді. Мұғалім – Абылғазина Б. З. 3 «А» сыныбында ритмика сабағын өткізді. Үзілістерді 5 «А» сынып оқушыларымен бірге басқа да сынып оқушылары «Қара жорға» биін биледі.

Ата-бабаларымыз сөйлей білуді өлмес өнер, асыл мұра деп бағалаған. Соған байланысты семинарда тарих мұғалімі Шариғат Ержан 9 «А» сынып оқушыларымен дебат (сайыс) өткізді. Тақырыбы: «Оқушыларға ыстық тамақ қажет пе?»

Семинардың соңында концерт қойылды. Сондықтан, салауатты өмір салты жайында жүргізілетін іс-шаралардың бәрі дерлік оның маңызын дамытуға талпынған және осыған бағытталған болуы тиіс.

Салауатты өмір салты жөнінде оқушылармен жүргізілетін іс-шаралардың барлығы мемлекетіміздің жоғары органдарының қарарлары мен нормативтік құжаттарды басшылыққа алады.

Химия пәнінің мұғалімі: Жапарханова Р. Б.