« МЕНІҢ ЖЕРІМ – МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ»
2017 жылдың 27 қараша күні Павлодар қаласы №24 мектеп кітапханасында тұңғыш Президент күніне арналған «Менің жерім – менің Қазақстаным» атты іс- шара өткізілді.Бұл шараның мақсаты,оқушыларды елбасына деген құрмет сезімін ояту, Қазақстанға деген патриотизмге, өз Отанына , туған жеріне деген сезімдік тәрбиелеу. Шараға 1 – сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы оқушыларға слайд шоу арқылы көптеген мәліметтер ұсынды, ол Елбасының өмірбаяны, қызметтік жолы. Оқушылар бұл шараға дайындаған Астана, Отан туралы тақпақтарын айтты.Шараның сонында сұрақ – жауап викторина өтті.