Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ АТЫНАН ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРША
03-01-2018 14:18
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ АТЫНАН ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРША

22 желтоқсан күні сағат 11.00-де «Ертіс» қонақ үйі кешенінде ҚР Президенті атынан Жаңа жылдық шырша мерекесі өтті. Оған жетім балалар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары қатысты.
Әдемі костюмдер киген балалар ғажайып ертегілер әлеміне енгендей болды. Шыршаның жанында Аяз ата, Ақшақар және ертегілердің кейіпкерлері балалардың көңілдерін көтерді. Президент атынан облыс әкімі балаларды құттықтады және жаңажылдық сыйлықтар таратты. Әрбір ҚР Президентінің қолтаңбасы бар ашық хат, ойыншық және тәттілер қорабын сыйға алды. Балалар өте қуанды, кейбіреулері үшін бұл күн ең ғажайып күндердің біріне айналды. Кейін барлық балалар мерекелік дастарқан басына өтіп, кәмпит, жеміс жеп, шырын ішті. Ұйымдастырушылар әр баланың жүрегіне мейірім, қуаныш, бақыт сыйлады. Жаңа жыл шыршасын ұйымдастырушыларына, облыс әкімі Булат Жумабекович Бакауовқа және Білім беру басқармасына алғысымыз шексіз.
Жаңа жылдарыңызбен! Зор денсаулық, жұмыстарыңызда жеміс және елдің гүлденуін тілейміз!