Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ АТЫНАН ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРША
03-01-2018 14:23
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ АТЫНАН ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРША

25 желтоқсан күні сағат 15.00-де «Ертіс» қонақ үйі кешенінде қала әкімінің атынан Жаңа жылдық шырша мерекесі өтті. Оған жетім балалар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылық пен қоғамдық өмірде жетістіктерге жеткен дарынды балалар қатысты.
Балалар қызықты кейіпкерлері, Аяз Ата, Ақшақар және Ит қатысқан жаңа жылдық ертегісінің куәгерлері болды. Қала әкімі балаларды құттықтап, зор денсаулық, оқуда, спортта, шығармашылықта үлкен белестерден көрінуге ниет білдірді, балалардың әдемі де қызықты жаңажылдық костюмдерін ерекше атап өтті. Қала әкімінің атынан сыйға тартылған ноутбук пен тәттілер жиыны балаларға қуаныш әкелді. Кейін барлық балалар мерекелік дастарқан басына өтіп, кәмпит, жеміс жеп, шырын ішті. Жаңа жылдық мереке «Ертіс -Синема» кинотеатрында жалғасты. Балаларға 3D «Тайна - КОКО» мультфильмі көрсетілді. Ұйымдастырушылар әр баланың жүрегіне мейірім, қуаныш, бақыт сыйлады.
Жаңа жыл шыршасын ұйымдастырушыларына, қала әкімі Нуржан Кемерович Ашимбетовке және білім беру бөлімінің бастығы Гульжан Шаяхметовна Кадырбаеваға алғысымыз шексіз.
Жаңа жылдарыңызбен! Зор денсаулық, жұмыстарыңызда жеміс және елдің гүлденуін тілейміз