Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Мектеп-рухани шаңырағым!»
02-02-2018 21:59
«Мектеп-рухани шаңырағым!»

Бүгін, мектебіміздің қалыптасқан үрдісі арқылы Елбасымыздың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы төңірегінде «Мектеп-рухани шаңырағым!» атты үлкен ісшара өтті. «Мұражай-мектепте!» ұранымен мектебіміз «Бұқар жырау» мұражайымен бірлесе, халқымыздан мирас болып қалған көне заттармен шығуын бастады. №24 ЖОББМ «Рухани бағдар» негізгі бағыты: ұлттық бірегейлікті сақтап, салт-дәстүрлерімізді, тіліміз бен ән-күйлеріміз, әдебиетіміз, жоралғыларымызды ұлттық рухымызды қайта жандандыру осы білім ошағында басталды. Мектеп басшысы Нұргүл Шампатқызы және мұражай қызметкерлері, атап айтсақ мұражай басшысы Жеңіс Нұртасұлы алғы сөзімен бастап, кейін ДОЖО Раушан Қабиденқызы және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аян Жұмажанұлы жалғастырды. Іс-шараның көркін «Майлықожаның термесімен» Ержан Бекболатұлы жалғастырды. Бұқар жырау бұқаралық бөлімінің меңгерушісі өзінің гид жүргізушілерімен әр сыныпқа өз құндылықтарын көрсетіп қызығушылықтарын арттырды. Жарқын болашаққа бастаған бұл рухани бағдардың мектеп қабырғаларындағы алатын рөлі өте зор. Бұдан әрі «Мұражай-мектепте!» ісшарасы келесі мектептерде жалғасын табады.