Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Аталардың Ұлы даласы» - «Әкелердің ұлы жері»
20-02-2018 13:21
«Аталардың  Ұлы даласы»  - «Әкелердің ұлы жері»

       2018 жылдың 16 - ақпанда «№24 ЖОМ»ММ – нің бастауыш мектебінде «Рухани жаңғыру» жобасы аясында «Аталардың Ұлы даласы» - «Әкелердің ұлы жері» атты іс –шаралар күні өтті.

Осы іс-шараның мақсаты: «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі жобаларымен танысу; оқушылардың өз Отанына деген махаббаты, мақтанышы, өз қаласына, өлкетануына, оның тарихына, мәдениетіне, дәстүріне және өміріне, Отан алдындағы шынайы патриотизм сезімдерін ояту. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін бастауыш мектептің әр сыныптары қатыстырылды.
Бірінші сыныптар арасында «Менің Павлодарым» тақырыбында суреттер мен қолмен жасалынған заттар көрмесі ұйымдастырылды. Мұнда балалардың өз шығармашылығы және қиялын көрсеткен түпнұсқалық еңбектерін көруге болады.
Екінші сынып оқушылары үшін мектеп спорт залында ұлттық ойындар «Асық ойнау», «Тақия тастамақ» «Орамал тастау», «Қанат тарту» ойындары өткізілді. Бастауыш сынып мұғалімдері мен дене шынықтыру пәні мұғалімдері оқушыларды қазақ халқының ұлттық ойындарымен таныстырды. Балаларға бұл өте қызықты болды.
Үшінші сынып оқушылары үшін Бұхар Жырау атындағы мұражай қызметкерлерімен «Дыбыс әлемінің әскері» - «Дыбыс әлеміне саяхат» тақырыбында кездесу өтті. Балаларға қазақтың халық аспаптары туралы айтылды. Оқушылар музыкалық аспаптарды көріп қана қоймай, олардың әрқайсысының даусын тыңдады.
Төртінші сыныптар үшін «Туған жердің білгірлері» брейн - ринг өткізілді. Әрбір топтың аты, ұраны, атрибут заттарымен ерекшеленді. Әрбір топтың міндеті - туған қалаға, республикаға қазақ халқының дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, мәдениеті туралы білімдерін көрсету үшін ең дұрыс жауаптар беру.
Ұстаздар мен оқушылар бұл іс-шараны шынайы, барлық дайындықпен жүзеге асырды. Ұйымдастырылған бағдарлама бойынша әдебиеттермен танысып, материалды іріктеп алу және дайындау жүзеге асырылды. Біздің қаламыздың тарихы, нақты оқиғалары, Қазақстанның ұлттық салт - дәстүрлері бойынша ең өзекті тақырыптар қозғалды. Бұл іс-шара оқушылар үшін өз халқының тарихы, салт – дәстүрді дәріптеу, мәдениетті құрметтеу бойынша қызығушылықтарын қалыптастырды. Бұл күн «Рухани жаңғыру» жобасы аясында жаңа жобаларды іске асыру үшін толассыз қызмет етеді деп үміттенеміз.

«№24 ЖОМ»ММ – нің бастауыш сынып мұғалімі: Нурдильдина А.М