Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
19.03.2018 жылы № 24 жалпы орта білім беру мектебінің 2 «А» сыныбында Наурыз мерекесіне арналған «Наурыз-думан» атты сайыс болды.
23-03-2018 15:32
19.03.2018 жылы № 24 жалпы орта білім беру мектебінің 2 «А» сыныбында Наурыз мерекесіне арналған «Наурыз-думан» атты сайыс болды.

19.03.2018 жылы № 24 жалпы орта білім беру мектебінің 2 «А» сыныбында Наурыз мерекесіне арналған «Наурыз-думан» атты сайыс болды. Бұл сайысқа оқушылармен бірге ата-аналар да қатысты.

Мақсаты: оқушыларды қазақтың салт-дәстүрін үйренуге. құрметтеуге тәрбиелеу, оқушылардың ой-өрісін дамыту, әсемдікке баулу.

Төрт ауыл салтанат құрып, сынға түсті.

І. Ұлттық киім

ІІ. Ұлттық тағамдар

ІІІ. Ұлттық өнер

ІV. Наурызға байланысты сұрақтарға жауап беру.

Ауылдарымызға «Бәйшешек», «Наурызша», «Қызғалдақ», «Наурызкөк» деген аттар бердік.

«Наурызым – бабамның сөзі, Наурызым – анамның сөзі, Ғасырдан ғасырға жеткен Даламның сөзі» демекші, тойды бастамас бұрын үш биіміз бата берді.

Ата-аналар балаларымен бірге ұлттық киім киіп өз дастархандарын қорғап, түрлі сұрақтарға сүрінбей жауап берді. Өздері арнайы дайындап келген ән билерін орындады. Ақ жаулықты әжеміз шашу шашып мәз мейрам болды.

Барлық кезеңнің тапсырмаларын жоғары көңіл күйде қызықтады. Мерекеміз өте сәтті өтті. Оқушылармен ата-аналардың қуаныштарында шек жоқ.