Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Наурыз –думан!
23-03-2018 15:52
Наурыз –думан!

2018 жылғы 22 наурыз күні «№24 ЖОМ» ММ жанында «Наурыз - думан» мерекесі ұйымдастырылып өткізілді. Наурыз – ерте кездерден қазақ халқымен тойланатын және оның әдет-ғұрпына, салтына айналған ерекше мереке.

Наурыз мерекесі мектептің ұжымы мен оқушыларымен дайындалған «Наурыз шеруі» атты костюмді қойылыммен басталды.

Қонақтарды қазақтың ұлттық тағамдарымен қарсы алды. Ал оқушылар келген қонақтарды ұлттық өлеңдері мен билерімен таң қалдырды.

Қыздар ұлттық киім киіп, дефиле көрсетті. Өздерінің костюмдерін өздері тырысып дайындады.

Шағын ауданның тұрғындарын мектеп директоры Н.Ш. рахимгожина шын жүректен құттықтап, ізгі ниет-тілегін білдірді.

Мерекелік дастарқан жайылды, дәмді бауырсақтар, наурыз көже, қазанда пісірілген палау, ыстық та тәтті шай таратылды.

Технология мұғалімі С.Қабимолла қолөнер көрмесін ұйымдастырды. «Кереге-құрақ» орнатылды. Сонымен қатар, лотерея да өткізілді, келген қонақтар сыйлықтармен үйлеріне қайтты.

Оқушылардың, мұғалімдердің күшімен ауқымды ісшара дайындалды. Аталмыш ісшараға «Ертіс» би студиясы, «Жас толқын» клубының мүшелері, «Жігер» клубы, С.Торайғыров атындағы ПМУ студенттерінің КТА клубы, №46 балабақшасы, корея орталығы, шағын ауданның ардагерлері қатысты.

Қонақтар қазақтың ұлттық спорт түрлері – қазақша күрес, асық ату, арқан тарту, кір көтеру, теңге алу сияқты ойындарына да қатысты. Шахматтан, дойбыдан, стритболдан, роботты құрастырудан турнирлер, Павлодар скауттар клубымен сайыстар да өткізілді.

Қонақтарды көңілді Карлсон көңілдендірді. Барлық ниет білдіргендерді төзімді есек тасыды, жануарлар зонасы жұмыс істеді. Фотозонасы да ұйымдастырылды, әркімнің өзінің фотосын естелікке алуға мүмкіндігі болды.

Ақсақалдар Наурыз батасын берді. Мереке «келін түсіру» және «тұсау кесу» әдет-ғұрыптарын көрсетумен жалғасты.

Мектеп басшылығының, ұжымының атына шағын ауданның тұрғындары, ата-аналар, ардагерлер кеңесі жылы сөзбен алғыстарын білдірді.