Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Адрес: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
ХАБАРЛАНДЫРУ
28-03-2018 13:00

Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрмыс сапасын жоғарылату және кедейлер санын кеміту мақсатында 2018 жылғы қаңтар айынан бастап жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмек көрсету енгізілді.

Жаңа үлгідегі АӘК көрсетудің бірыңғай өлшемі белгіленді – ең төменгі күнкөріс деңгейінен 50% (2018 жылдың 1 тоқсаны - 21638 теңге).

Отбасының жиынтық табысын есептегенде отбасы құрамындағы барлық мүшелері, бірге тұратындары, бірлескен шаруашылықты жүргізетіндері және бір елді мекенінде тіркелгендері есепке алынады.

Жаңа үлгідегі АӘК рәсімдеу бойынша кеңес алу үшін келесі Павлодар облысының «Павлодар қаласы әкімдігі Тұрғындарды жұмыспен қамту орталығы» КММ мекенжайына хабарласуға болады: Павлодар қ., Ак.Бектуров көшесі, 115.

Анықтамаларды мына телефондар арқылы білуге болады: 215472, 321180